Мектеп туралы

Қарғалы  қазақ  орта  мектебі  1993  жылы  ашылды, 1995 жылы  профессор, ғалым  М.Арынның  есімі  берілді.  Оқу  тілі – қазақ  тілі. Мектеп  өзінің  іс – қызметін  05.11.2007 № 0030070 АБ сериялы  мерзімі  шектелмеген  литцензиясы  08.02. №353  негізінде, Ақтөбе  қалалық  әкімдігінің  қаулысымен  бекітілген  жарғысын  басшылыққа  ала  отырып  жүргізеді.

Мектептің  педагогтік  құрылымы:

Мұғалім бар

  • Жоғары білімдісі – 115
  • арнаулы орта білімдісі – 28
  • жоғары  санатты – 10
  • І  санатты – 37
  • ІІ санатты – 42
  • санатсызы — 54

Сапалық  құрамы 32,8% құрайды

Жас  құрамы:

  • 25-ке дейін — 19
  • 25-34 жас — 39
  • 35-44 жас — 39
  • 45-54 жас  — 29
  • 55-тен жоғары — 15

Еңбек  өтілі:

  • 3ж.дейін – 23
  • 3-5 жыл – 10
  • 6-10 жыл – 29
  • 11-15 жыл – 11
  • 16-20 жыл – 23
  • 20-дан жоғары — 47

Ғылыми атақ дәрежесі, марапатталуы:

  • Білім беру үздігі – 1
  • Аға  мұғалім – 1
  • Бж/еҒМ  Алғыс  хат – 2

Педагогикалық  ұжымның  қызметі  нормативтік  құжаттармен  реттеледі.

Басшылыққа  алатын  құжаттары:

  • ҚР Білім  беру  заңы
  • ҚР Б және ҒМ  нормативтік  құжаттары;
  • Жоғары, оқу  жұмыс  жоспары;
  • Ішкі  тәртіп  ережелері;
  • ҚР Бж/еҒМ,  облыстық  білім  беру  департаменті,  ҚББ  нұсқаулары  мен  бұйрықтары.

Педагогикалық  қызметкерлердің  91,9% өз  мамандықтары  бойынша  дәріс  береді,  мамандығына  сәйкес  келмейтін  пәннен  сабақ  беретін  мұғалім 8,1%  құрайды.

Мектептің  материалдық – техникалық  базасы:

Түрі – типтік,  жалпы  ауданы – 42037м²,  арнайы  сыныптардың, аудитория,  бөлмелердің  саны  50,  оның  ішінде  паспортталған  кабинеттер – физика, информатика,  биология, химия, тарих,  бастауыш класс, алғашқы әскери даярлық  және  интерактивті  тақталы  кабинеттер.  Мектептің  І,ІІ,ІІІ қабатында  өртке  қарсы  құрал  жабдықтар  мен  эвакуация  сызбасы  бар. Мектепте  асхана, 2 спортзал, мұражай, даярлық топ,кітапхана, хореография, логопед, екі  медициналық кабинет  жұмыс  жасайды. Класс  бөлмелерінің  ауданы  СЭС  талабына  сай, кітап  қоры  әр  оқушыға  22  бірліктен  келеді.  Мектеп  орталықтағы  жылу  жүйесіне  қосылған.

  • Сыйымдылығы: 1200 оқушы
  • Мектептің алып жатқан көлемі: 10018,6м²
  • Оқу кабинеттері: 33
  • Пайдаланылатын кабинет саны: 41
  • Медпункт: 2
  • Асхана: 1 бейімделген
  • Мультимедиалық кабинет саны: 0
  • Компьютер кабинеті: 1
  • Компьютер саны: 22
  • Интерактивті тақта: 1
  • Компьютермен жабдықталған кабинет саны: 3
  • Еңбек кабинеті – 2
  • Шеберхана – 0
  • Спортзал -2 (бейімделген)
  • Мұғалімдер бөлмесі – 1
  • Акт залы – 1
  • Кітапхана – 1
  • МАД кабинеті – 2 

Оқушылар  контингенті:

Оқушылар  саны – 1418. Мектеп 5 күндік  жұмыс  күнімен, 2 ауысымда  оқиды, 61 класс  комплектісі  бар. Кластағы  оқушы  санының  орташа  көрсеткіші – 26,2%.

Әлеуметтік  жағынан  аз  қамтылған  отбасы  балалары (170) және бастауыш  класс  оқушылары  (75), барлығы 170 бала  ыстық  тамақпен  қамтамасыз  етіледі.

Ақжар-1 –362,  Ақжар-2 – 43, Саяжай – 190, барлығы 595 оқушы  көмекпен  тасымалданады. 

Оқу  жоспары:

Жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқу  жоспарын  басшылыққа  ала  құрылады. 10 – 11 – кластарда  қоғамдық —  гуманитарлық  және  жаратылыстану – математика  бағдары  бойынша  бағдарлы  оқыту 6 класта  жүзеге  асады.

2016-2017 оқу  жылының  қорытындысы  бойынша  сапа 50%.

ҰБТ-ден — орташа баллы 83,1%, «Алтын белгі» иегері – 7, ерекше  үлгідегі аттестат  иегері – 2.

Оқу  жоспарының  жылжымалы  бөлігінен  1 – 11-кластарға қосымша  сабақтар  ұйымдастырылады.